Петропавлда науқас баланың еміне жиналған ақшаны ұрлаған адам ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл полицейлері науқас баланың еміне ақша жинау үшін қойылған қайырымдылық жәшігін ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын Петропавл қалалық ІІБ-ға Потанина көшесіндегі дүкендердің бірінде сирек кездесетін аурумен ауыратын 2 жасар баланың еміне ақша жинау үшін қойылған қайырымдылық жәшігінің ұрланғаны туралы шағым келіп түскен. Полицияға сәбидің анасы хабарлады. Жас ана шығынның нақты сомасын білмейді, алайда ақшаның ұрланғанына қатты таңғалған. Дүкендегі бейнебақылау камерасына жәшікті жас жігіттің көшеге алып шығып бара жатқаны, кейін белгісіз бағытта жасырынғаны түсірілген.  

«Жедел-іздестіру шарасы кезінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол Бескөл ауданының 18 жасар тұрғыны болып шықты. Күдіктінің Петропавл қаласының тұрғыны болмағаны іздестіру жұмыстарының алғашқы кезеңінде қиындық туғызды», - деп айтты қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары Асан Мейрамов. Күдіктінің аййтуынша, жәшікте 2500 теңге болып, оны өз қажетіне жұмсаған. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы тілхат берілді. 

nullnull 

Соңғы жаңалықтар