Петропавлда мониторинг тобы 100 шақты адам жиналған тойды таратты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда мониторинг тобы демалыс күндері рейд өткізіп, тойханалардың біріндегі отбасылық мерекенің үстінен түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторингтік топтар демалыс күндері рейдке шығып, тойханаларды, дәмханаларды, жалға берілетін коттедждері тексереді.

Осындай тексеріс кезінде мамандар Петропавлдағы тойханалардың бірінде болып жатқан тойдың үстінен түсті.

100 шақты адам қатысқан отбасылық мереке таратылды.

Тойхана әкімшілігіне қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша материал жиналды.

Материал шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

«Солтүстік Қазақстан облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша әлі де «қызыл» аймақта тұр. Халық көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Кей кәсіпкерлер қабылданған шектеулерді бұзу өз клиенттерінің денсаулығына қауіп төндіретінін ескермейді. Жыл басынан бері облыс орталығындағы клубтар, дәмханалар мен тойханалардың иелері осындай құқық бұзушылық үшін 58 рет жауапқа тартылды», - дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садулов.



Соңғы жаңалықтар