Петропавлда мониторинг барысында бірнеше той тоқтатылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда демалыс күндері мониторинг топтары көңіл көтеру орындарын тексеріп, санитария талаптарын бұзған бірнеше дәмхана мен мейрамхананы анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мониторинг тобының құрамына жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы орган өкілдері кірген. Олар ойын-сауық орындарын назарға алды. Нәтижесінде бас санитар дәрігердің қаулысын елемеген 3 мейрамхананы және бірнеше дәмхананы анықтады. Олардың арасында Royal Palace пен «Эмират» мейрамханалары да бар. Көңіл көтеру орындарында 60-тан астам адам болған.

«Бас санитария дәрігерінің қаулысы бойынша шектеу шаралары күшейтілді. Соған қарамастан дәмхана-мейрамханалар жұмыс істеп жатыр. Рейд барысында бірнеше той тоқтатылды. Біз процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жинадық.

«Тенгри» мейрамханасында іс-шара өтіп жатты. Бірақ олар бізді көргенде есіктерді жауып алды. Олардың иелері барлық шектеу шарасын біле тұра той өткізуге рұқсат беріп отыр. Рейд кезінде мұнда 80-нен астам адам болған. Ішіндегі адамдар барлық есікті жауып алғанымен, мейрамхана иесінен және ұйымдастырушылардан түсініктеме алынды», - дейді кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің қызметкері Дастан Қазиев.

«Қара» тізімге іліккендердің ішінде Barmaley дәмханасы да бар. Ойын-сауық орнында 150-ден астам адам болған.

Еске сала кетсек, СҚО-да карантинді бұзғандарға 40 млн теңгеден артық айыппұл салынған.


Соңғы жаңалықтар