+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды

2021 жылғы 16 сәуір 23:18
Бөлісіңіз:
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Тбилиси» мейрамханасы өртеніп, 9 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте құрылыс материалдарын сататын бірнеше дүңгіршек өртеніп кетті Шығыс Қазақстанда 15 құтқарушы жер үйдегі өртті сөндірді Қызылордада көпқабатты үй өртеніп, 14 адам эвакуацияланды

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 сәуір, сағат 18.17-де 101 пультіне Петропавлдағы Аяған Шәжімбаев, 141 мекенжайындағы «Тбилиси» мейрамханасында өрт шыққандығы жайында хабарлама түседі.

Мамандар оқиға орнына 5 минутта жетіп, бірден өрт сөндіруге кірісті. Олар келгенде екі қабатты ғимарат қалың түтінге оранып, шатыры лапылдап жанып жатқан. Сол жерде шұғыл штаб құрылып, Петропавл қаласының өрт сөндіру қызметінің қосымша күші тартылды. Өрт үш учаскеде бір уақытта сөндіріле бастады.



Мамандардың айтуынша, ғимараттан 9 адам – мейрамхана қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды. Өртпен күреске 15 техника және жеке құрамнан 67 адам жұмылдырылды.

Өрттің салдарынан ғимараттың шатыры жанып кетті, екі қабат – 280 шаршы метр жалынмен зақымданды.

Тілсіз жау сағат 19.03-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Әзірге өрттің шығуына не себеп болғаны белгісіз, келген шығын мөлшері де есептеліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT