Петропавлда мемлекеттік қызметкерлер көлден бір тонна қоқыс шығарды

None
None
Петропавл. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің 35 қызметкері Петропавлдағы Пестрое көлінің жағасын тазалауға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, департамент мемлекеттік қызмет органдарының жиырма жылдығына орай «20 қайырымды іс» акциясын өткізіп жатыр. Көлдің жағасын санитарлық тазалау да осы шаралардың біріне айналып отыр. 

Департамент қызметкерлері көлдің 2 километрдей айналасын тазалады, 1 тонна қоқыс жинады.


«Таза жағалау» шарасы көліміздің ластануынан түбегейлі құтқармайды, алайда қала тұрғындарына жақсы үлгі көрсетіп, тазалық мәселесіне назарын аудартады», - деп сенімін білдірді баспасөз қызметіндегілер.

Бұл акциядан бөлек, департамент жалғызбасты аналар кішкентай 4 баланы жалғыз өздері асырап жатқан көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсетіп, Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйінің маңайына ағаш отырғызып берді және қайырымдылық концертін өткізді.

Соңғы жаңалықтар