Петропавлда мас жүргізуші тұрғын үйге барып соғылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда алкогольдік ішімдік ішкен мас жүргізуші тұрғын үйге соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқиға «Береке» шағын ауданында түнгі уақытта болған. 41 жастағы «Лада-Ларгус» жүргізушісі рульді игере алмай, тұрғын үйге соғылған. Ешкім зардап шекпеді. Сараптама ер адамның орта деңгейде мас болғанын көрсетті.

Полицейлер түнде бірден екі мас жүргізушіні тоқтатқан. Оның бірі - 28 жастағы Петропавл тұрғыны қала орталығында көлікті қатты жылдамдықпен жүргізсе, екіншісі – 29 жастағы ер адамды «Айсберг» сауда үйіне қарсы бетте рульді мас күйде тізгіндегені үшін ұстады.

Полицейлер облыста екі күн ішінде 24 мас жүргізушіні анықтап, жауапқа тартты.

Соңғы жаңалықтар