Петропавлда мас келіншек көлігімен адамды соғып, аялдамаға кіріп кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Көлікті мас күйде басқарған 28 жастағы Петропавл тұрғыны адам соғып, аялдаманы зақымдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда қалалық полиция басқармасының мәліметінше, оқиға 24 шілде сағат 19.15 шамасында «Ромашка» саяжай қоғамдастығының маңында болған. Петропавлдың 28 жастағы тұрғыны рульге ие бола алмай қалып, «Lada» көлігімен жүргіншіні және аялдаманы соққан.


Жедел жәрдем көлігі 47 жастағы әйелді ауруханаға жеткізді.

Медициналық куәландыру «Lada» көлігі жүргізушісінің мас болғанын көрсетті. Автомашина арнайы тұраққа қойылды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша жүргізушіге әкімшілік материал жиналды. Іс процессуалдық шешім шығару үшін Петропавл қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша мамандандырылған сотына жіберіледі.


Соңғы жаңалықтар