Петропавлда мас адам көршісінің көлігін айдап кеткен
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер ұрланған көлікті иесіне қайтарып берген. Ал иесі ол уақытта көлігінің ұрланғанын білмеген деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Поиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, Петропавл тұрғыны ауладан көліктің кілтін тауып алған. Кілт кейін көршісінікі екені анықталды. Ал кілтті тауып алғаннан кейін бірнеше күн өткен соң ішімдік ішкен және көлік жүргізіп көрмеген ер адам ұрлық жасайды.
«Гуськовтардың отбасына ұрланған көлігі қайтарылып берілді. Алайда бұл кезде отбасы мүшелері көлігінің ұрланғанын білмеген болатын. Тәртіп сақшылары қырағылық танытып, қылмыстың ізін суытпай ашты. Көлік ұрысы дер кезінде қолға түсті»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.
Көлікті ұрлаған адам келтірілген шығынның орнын жауып, ұрланған дүниені иесіне қайтарды. Алайда ол көліктің шетін сырып алған. Тараптар сотқа дейін татуласты, ішімдік ішіп, көлік жүргізген азамат әкімшілік жауапқа тартылды.
- Павлодар облысында көлік өртеніп, екі бала мен үш адам зардап шекті
- Ақтауда жаттығу кезінде 23 жастағы спортшы қаза тапты
- Түркістанда мұғалімді ұстап әкеткен полицей қызметінен шеттетілді
- Ақтауда теңіз жағасынан үлкен игуана табылды
-
Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері тапаншамен қаруланған бозбаланы ұстады
-
Ақтауда екі жүкті әйел жол апатынан зардап шекті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам