Петропавлда манипулятор соққан жеңіл көліктегі 3 бала мен 2 ересек зардап шекті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда манипулятор көлігі мен жеңіл машина соқтығысып, салдарынан 5 адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 29 шілде күні сағат 20.30 шамасында болған. Isuzu маркалы манипулятор Жас Өркен ықшам ауданындағы Петропавлға кіре берістегі (манипулятор) айналма қозғалыста сол жақтан келе жатқан Audi көлігіне соғылған.

Audi көлігіндегі 7, 2,1 жасар үш бала, 64 жастағы жолаушы және 35 тегі көлік жүргізушісі жарақат алды. Олардың екеуі ауруханаға жатқызылды, қалғанына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Медициналық куәландыру манипулятор жүргізушісінің ішімдік ішпегенін көрсетті. Манипулятор арнайы автотұраққа қойылды.

Жол-көлік оқиғасына қатысты жиналған материал процессуалды шешім қабылдануы үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік бөліміне жіберілді.



Соңғы жаңалықтар