Петропавлда лифт шахтасынан өрт шықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда көпқабатты тұрғын үйде лифт шахтасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт 9 қабатты тұрғын үйден шыққан. Жұмыс істемейтін лифттің шахтасында қоқыс тұтанған. Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 80 адам эвакуациялады. Соның ішінде 16 бала бар. Ешкім зардап шекпеді.

Өрт 4 шаршы метр аумақты қамтыған. Оның неден шыққаны анықталып жатыр.


Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар