Петропавлда қызыл түске боялған Айды тамашалау үшін телескоп орнатылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник ҚазАқпарат тілшісіне 27-28 шілдеде болатын бірегей астрономиялық құбылыс туралы айтты.

Осы кезеңде Ай толықтай тұтылып, Марспен тұспа-тұс келеді. Бұл құбылысты 27 шілдеде күндізгі сағат 11-де тамашалауға болады. Ал, Айдың тұтылуы - 27-нен 28 шілдеге қараған түні болады.

«Бұл құбылыс 15-17 жылда бір кездеседі. Ендігі тұспа-тұс келуі 2035 жылы болады. Марсты жердегі телескоппен көруге мүмкіндік туады. Шамамен сағат түнгі 1.30-да түнгі аспан ерекше кейіпке түседі. Тұтылудың ең шекті фазасы түнгі 2.22-де болады. Ай қызыл түске боялуы мүмкін», - дейді профессор.

27 шілде күні сағат күндізгі 11-де Күн, Жер мен Марс бір сызықтың бойына жайғасады.

Солтүстікқазақстандықтар сұлу табиғат құбылысын университеттің бесінші ғимаратының алдында алаңда түн ортасынан ауғанда тамашалауды ұсынып жатыр. Онда ғалымдар арнайы телескоп орнатады. 

Соңғы жаңалықтар