Петропавлда күзет қызметі қылмыскерлерді ұстауға көмектесуде

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 106 күзет ұйымы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің ақпараты бойынша, былтыр күзетшілер 53 қылмысты және 1 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықты әшкерелеуге атсалысқан.

Таяуда ғана күзетшілер шақыртуға 1,5 минуттың ішінде жетіп, төбелесіп жатқан екі клиентті ажыратқан. Олар төбелес кезінде тауарлар тұрған витринаны қиратқан.

Тағы бір жағдайда күзетшілер дабыл жүйесі іске қосылған нысанға барған және ол жерден тұрақты мекенжайы жоқ қаңғыбасты тапқан. Бірақ оны іздеп-табуға күш жұмсауға тура келген. Ер адам нысандағы заттарға қол сұғуды ойластырмаған. Алайда, формадағылардың «Күзет» қызметі деген сөзінен абыржып, қосалқы бөлмеде жасырынып қалған.

«Күн сайын 16 күзет құрылымының 32 мобильді тобы күзетілетін нысандарда тәртіпті сақтау бойынша және полицияның біріккен күштері құрамында кезекшілікке шығып, өз міндеттерін атқарады. Облыста 106 күзет ұйымы мен монтаж және дабыл жүйесіне қызмет көрсететін 50-ден астам ұйым, жеке тұлға тіркелген», - деп атап өтті күзет қызметін бақылау бөлімінің басшысы Самал Қасенова.


Авторы Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар