Петропавлда құтқарушылар өзіне қол жұмсамақ болған жігітті құтқарды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда құтқарушылар 26 жастағы жігітті суицидтен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы №1 өрт сөндіру бөлімінің мамандары 26 жастағы жігітті өзіне қол жұмсамақ болған жерінен аман алып қалды.

Оқиға бүгін таңғы сағат 8.00 шамасында болған. Қала тұрғындарының бірі құтқару қызметіне хабарласып, Пушкин көшесіндегі үйлердің бірінде ер адамның асылайын деп жатқанын айтқан.

Оқиға орнына келген құтқарушылар тұрғын үйдің газ құбырына асылған ер адамды көреді. Шалт қимылдап, екі метр биіктен жігітті шешіп алып, есін жиғызады. Бірнеше секундқа кешіккенде ер адамды құтқару мүмкін болмас еді.

Жедел жәрдем қызметі жігітті ауруханаға жеткізді.

Бұған дейін СҚО-да биыл алты жасөспірімнің суицид жасамақ болғанын айтқан едік.


Соңғы жаңалықтар