Петропавлда құтқарушылар адамдарға суды сорғымен тартып шығару жұмыстарын жүргізуге көмектесіп жатыр (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тәулік бойы Петропавл тұрғындарына тұрғын үйлер мен аулаларда жиналған қарғын суды сорғымен тартып шығару жұмыстарын жүргізуге көмектесіп жатыр. Бұл туралы веломствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
«112 нөміріне көмек туралы телефон қоңыраулары түсіп, өз кезегінде ол белгілі мекенжайға ТЖ департаментінің күштері мен құрылымдарын жібереді. Қарғын судан зардап шеккендердің арасында Жұмыс кенті, Бензострой, Подгора, Қопай және қаладағы тағы басқа шағынаудандардың тұрғындары бар», - делінген хабарламада.
Осылайша, құтқарушылар Маяковский көшесінде тұратын егде жастағы әйелге көмек көрсетті. Құтқарушылар 1 сағат, 50 минутта 80 текше метр суды сорғызып шығарды.
Бүгінде жедел-құтқару жасағының күшімен Петропавл қаласының 56 тұрғын үйінен 4815 текше метр су сорғыланды. Құтқарушылар суды мотосорғының көмегімен тартып алып жатыр. Бұл процесс жылдам болмаса да, жасақ қызметкерлері шаршағанына қарамастан, Зоя Космодемьянская көшесі, 2 мекенжайына шығып, 9 сағатта 570 текше метр суды сорғымен тартып алды. Мұнда су екі қабатты үйдің кіреберісіне, пәтерлерге кіріп кеткен.
Петропавл қаласында қарғын суды сорғымен тартып алу жұмыстары жалғастырылып жатыр.
- Алматыда бағдаршамдарды қиратудан келген шығын – 72 млн теңгеге жуық
- Тағы бір бала оқтан көз жұмды - Аружан Саин барынша сақ болуды ескертті
- Теміржол қызметкерлері бүлік кезінде зардап шеккендер үшін қан тапсыруда
- Алматыда ірі супермаркеттердің жұмысы қалпына келтірілді
-
Жамбыл облысында ұсталғандардан қару-жарақ арсеналы табылды
-
ШҚО-да тәртіпсіздікке қатысушылар есірткі мен алкоголь қабылдаған - полиция
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам





