Петропавлда күшті жел ағаштарды құлатып кетті

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бірнеше күн қатарынан болған аптап ыстықтан соң күшті жел тұрып, нөсер жаңбыр жауды. Дауыл қас-қағым сәтте бүкіл қаланың астаң-кестеңін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімі Руслан Аңбаев өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазба қалдырып, қала тұрғындарын сақ болуға шақырды.

«Күшті жел мен нөсер жауынға байланысты сіздерден абай болуды сұраймын, әсіресе жолда сақ болыңыздар! Күшті желдің салдарынан ағаштар мен олардың бұтақтары сынып, қүлап жатыр. Электр жарығы да жиі сөніп қалуда. Мұндай жағдайда Ikomek-109 орталығына хабарласу керек. Ауа райы дұрысталса, дауыл мен жауынның салдарымен күреске кірісеміз. Барлықтарыңызды да сақ болуға шақырамын», -деп жазды қала әкімі.

1 сағаттан аспайтын уақытта болған дауылдың салдарынан қанша шығын келгені әлі нақтыланады. Қала тұрғындары болса, әлеуметтік желілерге көліктер мен дуалдарға құлаған ағаштарды суреттерін жариялап жатыр.


Олеся Жуковень
Соңғы жаңалықтар