Петропавлда құрылыс басында жұмысшы қаза тапты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда құрылыс нысанында жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін Петропавлда болған.

Ж.Жабаев-Измаилов және Горький-Челюскин көшелерінің қиылысындағы құрылыс нысанында жұмысшы мерт болды. Ол жоғарыдан құлап кеткен.

Алған жарақатынан 44 жастағы облыс орталығының тұрғыны сол жерде көз жұмды.

Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Абайсызда адам өліміне соқтырған еңбек қорғау ережесін бұзу» бабы бойынша енгізілді.

СҚО Полиция департаментінің басшылығы қаза тапқан жұмысшының отбасына көңіл айтып, бұл қылмыстық істің мән-жайы толық тергелетінін жеткізді.

Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс боцынша қажетті сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданбақ.


Соңғы жаңалықтар