Петропавлда күрделі жөндеуден өткен теміржол вокзалы пайдалануға берілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Үш жыл бойы күрделі жөндеу жасалған Петропавл теміржол вокзалы жаңа жыл қарсаңында пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін өңір басшысы Құмар Ақсақалов күрделі жөнделген Петропавл теміржол вокзалының

жұмысымен танысты. Маңызды нысан 1966 жылы салынған. Алайда содан бері күрделі жөнделмеген.

Заман талабына сай жарақтандырып, іске қосу үшін үш жылға жуық уақыт жұмсалды.

«Ресей мен Қазақстан арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында «Ресей теміржолдары» компаниясы Петропавл теміржол вокзалында ауқымды жұмыстарды жүргізді. Бүгін біз бірлескен еңбектің жемісін көріп отырмыз. Біздің тараптан вокзал маңы алаңы жөнге келтірілді. Мұның барлығы жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін, қызмет сапасын арттыру үшін жасалып отыр», - деді Құмар Ақсақалов.

Ескі вокзалдан тек қабырғалары ғана қалды. Нысан бұрын 300 орынға шақталса, жөндеуден кейін одан екі есе көп жолаушыларды қабылдай алады. Енді бұрынғыдай баспалдақпен ауыр сөмкелерді сүйреудің де қажеті жоқ. Тұрғындардың сұранысы қанағаттандырылып, жаңа лифттер мен эскалаторлар орнатылды.


Соңғы жаңалықтар