Петропавлда күн сайын 370 полицей мен әскери қызметші кезекшілікке шығады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – «Динамо» стадионында Петропавл гарнизоны полициясының кешенді күштерінің кезекті гарнизондық таратуы болып, үш тәртіп сақшысы «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 113 бағыт бойынша 379 полицей мен әскери қызметші шығады.

Тәртіп сақшылары сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 23.00-ге дейін екі ауысымда қызмет атқарады. Патруль полиция батальонының автопатрульдері қала көшелерінде тәулік бойы кезекшілік етеді.

«Динамо» стадионында Петропавл гарнизоны полициясының кешенді күштерінің кезекті гарнизондық таратуы болып өтті. Кешкі патрульге шығатын полицейлер мен әскери қызметшілер барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып сапқа тұрды.

Оларға әдеттегідей бағдар беріліп, бұйрықтар оқылды және тапсырмалар жүктелді. Өз қызметін асқан жауапкершілікпен атқарып жүргендер елеусіз қалмады.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Петропавл қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Тасболатовқа және СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Асылбек Тоқтамысовқа «полиция подполковнигі» кезекті арнайы атағы берілді.

«Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 2 дәрежелі медалімен учаскелік полиция инспекторы Серік Әубәкіров, патрульдік полиция батальоны взводының командирі Ерік Құсайынов және дәл осындай үшінші дәрежелі медальмен Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкері Юрий Клыков марапатталды.

Саптық байқау барысында СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин қызметкерлердің амунициясы мен жарғыдан білімдерін тексерді. Сондай-ақ, қалалық және облыстық патрульдік полиция батальондарының қызметтік автокөліктерінің жағдайы тексерілді.

Шара үрлемелі оркестрдің сүйемелдеуіндегі салтанатты маршпен аяқталды.


Соңғы жаңалықтар