Петропавлда құбырдың жарылуынан 5 әлеуметтік нысан, мыңға жуық абонент сусыз қалды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда құбыр жарылып, 14 көпқабатты үйдің 825 пәтері, 5 әлеуметтік нысан судан ажыратылды. Апат орнында мамандар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылжар су» ЖШС мәліметінше, Петропавлдағы Абай-Жұмабаев көшелері аралығында кеше сағат 15.40 шамасында диаметрі 800 мм суық су құбыры жарылды. Салдарынан қалада бірер сағатқа су беру тоқтатылды .

«Су далаға кетпеуі үшін қысымды әдеттегі 6,4 атмосферадан 3-ке дейін төмендеттік. Сағат 19.30-да 14 көпқабатты тұрғын үйден басқасының барлығында қысым қалпына келтірілді. Мұнда 825 абонент бар. Сағат 20.15-те 13 көпқабатты тұрғын үйдің бірінші-үшінші қабаттарына су берілді. Бүгін таңғы сағат 8.00 шамасында су желісіндегі зақымданған жер анықталды. Құбыр коллектордың жанынан жарылған екен», - дейді «Қызылжар су» ЖШС атқарушы директоры.

Маманның айтуынша, қазіргі уақытта су М.Жұмабаев 116 мекенжайындағы 9 қабатты үйде, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде, бассейнде, Amanat партиясының СҚОФ және «Есіл» бизнес орталығында жоқ.

Қалған 13 көпқабатты тұрғын үйге су толығымен берілді.

Апат орнында «Қызылжар су» ЖШС бригадасы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар