Петропавлда ҚР Ұлттық гвардиясының 190 сарбазы Отанға адал қызмет етуге ант берді (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Петропавлдың Жеңіс саябағында ҚР Ұлттық гвардиясы әскери қызметкерлерінің салтанатты ант беру рәсімі болып өтті. 190 жас сарбаз Қазақстанның Қарулы күштерінің қатарында қызметін лайықты атқарып жүруге ант берді.

«Бүгін 2015 жылдың маусым айында әскер қатарына шақырылған 190 сарбаз ант қабылдап отыр. Жас азаматтар Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарынан шақыртылған. Олар жас жауынгер курсынан, әскери дайындықтан өтіп, әскери қызметтің негізімен таныстырылды. Ант қабылдаған соң олар ҚР Ұлттық гвардиясының 6637 әскери бөлімінің құрамында қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау үшін штаттық бөлімшелерге үлестіріледі», - деп атап өтті ҚР Ұлттық гвардиясы 6637 әскери бөлімі командирінің тәрбие беру және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша орынбасары Сартбай Нұркеш.

Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко сарбаздар мен олардың ата-аналарына аймақ басшысының құттықтауын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар