Петропавлда Қожаберген жыраудың алып ескерткіші орнатылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Қожаберген жырауға арналған алып ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Тұлпар мініп, домбыра ұстаған батырдың еңселі мүсіні шаһарға көрік беріп қана қоймай, ұлтымыздың, халқымыздың тарихы мен болмысынан сыр шертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Монумент «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және тарихи тұлғаның 355 жылдық мерейтойына орай бой көтерген. Еңселі ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов және «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысты.

null 

Туған жері Қызылжар өңірінде бой көтерген Қожаберген жыраудың алып мүсіні қазақ ұлтының рухын биіктетері сөзсіз. Жалпы биіктігі 12 метрлік еңселі ескерткіштің тұғыры Қордайдың гранитінен, ал жыраудың мүсіні қоладан құйылған.

Авторы - елге есімі белгілі шебер, мәдениет қайраткері Қазыбек Сатыбалдин. Мүсін Алматыда құйылып, жеткізілді. Ал, монументті орнату үшін жұмысшылар 3 ай тынымсыз еңбек етті. Жобаның құны - 80 млн теңге.

«Қожаберген бабамыздың бейнесін жасаумен 12 жыл айналыстық. Жұмыс барысында 18-20 шақты образды шығардым. Бір күні түс көрдім. Түсімде Қожаберген бабамыз ен далада ерін жастанып қалың шөптің арасында ұйықтап жатыр екен. Мен әлгі кісінің бет-әлпетін көрмек болып айналып жүгіріп жүрмін, образын ашу керек қой ертең. Ескерткіш көңілімнен шықты», - дейді мүсінші Қазыбек Сатыбалдин. 

«Кеудеңде шыбын жаның болса егер, жоғалтпа жер бетінен қазақ атын» деп жырлаған Қожаберген жырау есімі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана таныла бастады. 17-18 ғасырларда өмір сүрген тұлға көпшілікке ең алдымен ұлтымыздың ауыр кезеңін жырлайтын «Елім-ай» жырының авторы ретінде жақсы таныс.

«Қолбасшы болған, қарамағында 80 мың әскері болған дейді. Қалмақтармен соғысып, елді жаудан аман алып қалды. Сондай-ақ, ақын, жыршы, «Елім-айдың» музыкасын жазған, сөзін жазған. «Жеті жарғының» авторларының бірі», - дейді Қожаберген Толыбайұлының ұрпағы Нұрлан Жұмабаев. 

null

Автор: Ақерке Дәуренбекқызы

Соңғы жаңалықтар