Петропавлда көшелерге ақылды видеобақылау камералары орнатылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда полицейлер мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 42 интеллектуалдық жүйе орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір қалада 7 «ақылды» көше қиылысы бар. Олар 2014-2015 жылдары орнатылған. Ондағы видеокамералар жол ережесін бұзған көліктің нөмірін «жаттап» алады.

«Бастапқыда бір қиылыстың өзінде күніне 300-ге жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталатын. 2015 жылдың аяғына қарай бұл мейлінше қысқарды. Қазір «ақылды» қиылыстардағы жол ережесін бұзу саны күніне үш-төртеуден аспайды», - дейді облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Болат Жексембинов.

Полицейлер «ақылды» видеобақылау жүйесінің сапасын да арттырмақ. Нөмір белгілерін тіркеу үшін 8 жүйе қажет. Алдағы уақытта Петропавлға кірер жолдардың барлығы, қаланың негізгі көлік тораптары бақылауға алынады.

«Жол ережесін бұзғандарды 14 тұрақты кешен, 5 жылжымалы кешен анықтап отырады. Мұндай технологиялар әзірге тек Алматы және Атырау облыстарында ғана бар. Адамдарды танитын, түрлі қозғалыстар типтеріне, тіпті дыбыстарға да «елең» ететін 15 жоғары технологиялы жүйені сатып алу жоспарда бар», - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері интеллектуалдық жүйелер Петропавл қиылыстарында 354 жол ережесін бұзу дерегін анықтауға мүмкіндік берген. 

null null 

Соңғы жаңалықтар