Петропавлда көшеде 5 келі марихуанамен ұсталған ер адам 10 жылға сотталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 5 айға созылған республикалық «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты - есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымын анықтау, жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарын жабу. Операция 1 маусымнан 31 қазанға дейін созылды. Нәтижесінде есірткі қылмысына қатысты 125 заң бұзушылық, соның ішінде есірткі өткізу бойынша 47 дерек анықталды. Полицейлер есірткі саудасымен күреске ерекше мән береді.

Операция барысында Петропавлдың орталық көшелерінің бірінде Жамбыл ауданының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Полицейлер оның «Subaru Legacy» көлігінің жүксалғышынан 5 келі марихуана салынған полимер пакетті тәркіледі. Ұсталған адам екі жыл бойы есірткі қолданып, сатқанын мойындады.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 20 қыркүйек күні соттың үкімімен ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 295,5 кг астам түрлі есірткі затын тәркіледі. Жыл басынан есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі бизнесі саласында 195 түрлі қылмысты анықтады. Оның ішінде 49-ы есірткіні өткізуге, 15-і аса ірі көлемде сақтауға қатысты. 409,5 кг есірткі тәркіленді, оның 4,2 кг-нан астамы «синтетика» және 4,1 кг гашиш», - дейді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.


Соңғы жаңалықтар