Петропавлда корт шатырының опырылып түсу себебі анықталып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы жабық корттың металл құрылымының опырылу себебін құрылыс компаниясының мамандары анықтайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Валерия  Евдокименконың айтуынша, «Спецстальконструкция» компаниясының өкілдері шақыртылды. Ертең олар Петропавлға бригадасымен келіп, құрылымды қайта жөндейді.

«Жабық хоккей корты екі жыл алдын салынды. Жаппай сырғанауға арналған. Бұл жерде тегін прокатқа беру ұйымдастырылған. Ғимаратты «Спецстальконструкция» фирмасы тұрғызды», - деді Валерий Евдокименко.

Куәгерлердің айтуынша, корттың металл құрылымы бір сәтте опырылып түскен. Оқиға кезінде ішінде ешкім болмаған. Петропавлда «Спецстальконструкция» компаниясы салған екі корт бар. Валерия Евдокименконың сөзіне қарағанда, «Қарасай» стадионындағы екінші корт уақытша жұмыс жасамайды.

Еске сала кетейік, Петропавлдағы жабық корт бүгін опырылып түсті. Оның 2014 жылы іргесі қаланды. Құрылыс жұмыстарына демеушілік қаржыдан жиналған 15 млн. теңге жұмсалған. 

Соңғы жаңалықтар