Петропавлда көпқабатты үйлердің қабырғаларын бояп жатыр

None
None
Петропавл. ҚазАқпарат - Петропавлда көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін бояп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл шамамен 30 тұрғын үйдің қасбетін бояу жоспарланған. Үш көпқабатты үйдің қабырғаларын бояу жұмыстары аяқталды, енді төртеуін  жаңа түске бояп жатыр.  Қаланың тұрғын үй инпекциясында мәлім еткендей, аталмыш жұмыстарға бюджеттен 50 миллион теңге бөлінген.

Бояу үшін ақ, сұр, қызғылт, қызыл-қошқыл сияқты көзге түсе қоймайтын түстер таңдалды. Плиталарды арнайы бояу жаққыштармен бояп жатыр. Бір үйді бояп бітіру үшін шамамен 1 апта уақыт кетеді. Алайда ара-тұра жауып тұратын жаңбыр мен қатты жел жұмыстарға кедергісін келтірмей қоймайтыны анық.

«Мирас Group» ЖШС-ның мердігері табиғи жағдайлар бояу жұмыстарының сапасын нашарлатпайтынын, 5 жылға дейін кепілдік берілетінін айтады.

Петропавлдағы үйлердің қасбеттерін бояу өткен жылы басталған. Ол кезде көпқабатты үйлердің 15-не жаңа рең берілді. Қаладағы екі үйдің қабырғасына үлкен граффити сурет пайда болған. Онда суретшілер танымал солтүстікқазақстандық спортшы Александр Винокуровты бейнелеген. Бұл іс демеушілік қаржы арқылы жүзеге асты. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше мұндай граффити-суреттер әлі бірнеше үйде пайда болады.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар