Петропавлда көпқабатты үйдің 3 бірдей балконы жанып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, үш пәтердің балконы жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 мамыр күні 112 қызметіне 14.22 минут кеткенде Петропавлдағы Васильев, 61 мекен- жайында орналасқан үш қабатты тұрғын үйден өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түсті.

Өрт сөндірушілер келген кезде балкондар отқа оранып, лапылдап жанып жатқан. Жалынмен күреске бүкіл гарнизонның жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылды.

«Тұрғын үй үш қабатты, екі подъезді, 7 пәтер бар. 12 адам эвакуацияланып, екі адам құтқарылды, оның біреуі мүгедек. Сағат 16.52-де өрт толық сөндірілді. Өрт зертханасы мен полиция бірлесіп, өрттің шығу себебін анықтады. Электр көзі себеп болған. Шығын мөлшері анықталып жатыр», - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Демалыс күндері 13 өрт тіркелді, 4-уінде тұрғын үй, 6-уында қора-қопсы жанды. Екі көлік отқа оранды.


Соңғы жаңалықтар