Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, 5 бала құтқарылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін 4-қабаттағы пәтер мен балконды қызыл жалын шарпып үлгерген. Кіреберісті қою түтін тұмшалаған. Тілсіз жау үйдің шатырына дейін жайылуы мүмкін еді.

«Шұғыл түрде тұрғындарды газ-түтіннен қорғау қызметінің күшімен сыртқа шығару жөнінде шешім қабылданды. Төменгі қабаттағы тұрғындар өз бетінше сыртқа шықты. Ал жоғарғы қабаттағы адамдардың төменге түсуге мүмкіндігі жоқ - дәлізді қою түтін жайлап алған. Олар өрт сөндірушілердің тыныс алу аппаратына жалғанған арнайы құтқару капюшонының көмегімен эвакуацияланды. Ең қиыны, сыртқа алып шыққан халықтың көпшілігі - әйелдер мен балалар еді», - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

Барлығы 16 адам эвакуацияланып, 6 адам құтқарылды, оның бесеуі - бала. Барлығын жедел жәрдем қызметкерлері қарап шықты. Ешкім ауруханада емделуді қажетсінген жоқ.

Өрт шығуының алдын ала себебі - электр сымының қысқа тұйықталуы. Тілсіз жау салдарынан балкон тұтастай жанып кетті, қонақ бөлме, жеке заттар және үй жиһазы бүлінген. Нақты себеп және келген зардап көлемі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар