Петропавлда көпқабатты 45 үйдің тұрғындары ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасына қатысты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 2014 жылы Петропавлдағы 45 көпқабатты үйдің тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының қатысушылары болды. Бұл туралы Петропавл ПИК қауымдастығының төрағасы Сергей Худяков хабарлады.

«Биылғы жылы Петропавлда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 45 көпқабатты үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның 17-сінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Қаржыландыруға келсек, биыл бағдарламаны іске асыру үшін Петропавлға 777 млн. теңге жіберілген. Қазіргі кезде оның 406 миллионы игерілді», - деді ол.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша көпқабатты үйлердің шатырлары ауыстырылып, жертөлелер, кіреберістер жөндеуден өткізіледі, жаңа жеделсатылар орнатылып, үйлердің қасбеттері жақсартылады. Петропавлда аталған бағдарламаны іске асырудың бүкіл уақытында шамамен 160 үй жөндеуден өтті. Шамамен тағы 250 көпқабатты үй кезек күттірмейтін жөндеу жүргізуді қажет етуде.

Соңғы жаңалықтар