+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Петропавлда көпес Шамсутдиновтің үйі қалпына келтірілмек

2019 жылғы 19 сәуір 04:18
Бөлісіңіз:
Петропавлда көпес Шамсутдиновтің үйі қалпына келтірілмек

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда көне ғимараттардың бірі - көпес Шамсутдиновтің сауда үйі қалпына келтірілмек. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов меншік иесімен кездесіп, Петропавлдың архитектуралық мұрасын жаздан қалдырмай күрделі жөндеуден өткізу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Тарихи-мәдени мұраларды сақтау орталығының мәліметінше, ғимаратты көпес Шамсутдинов 1915-1916 жылдары сауда үйі ретінде салғызған. 1917 жылдан кейін ғимаратта көптеген мемлекеттік мекемелер: 1930-1960 жылдары компартияның облыстық комитеті, 1970-1990 жылдары облыстық аурухана орналасты. Қазіргі уақытта бұл үй жекеменшіктің қолында.

«Бізге дейінгі ғимараттың иесі бұл жерде 30 жылдай ештеңе істемеген. Қаңырап бос тұрды. Қазіргі жағдайы өте нашар, тек қабырғалары ғана қалған. Біз алматылық компаниямен бірге эскиз жобасын жасадық. Ол фирманың ескерткіштерді қалпына келтіруге рұқсаты бар. Қазір арнайы мекемелердің келісімін алысымен-ақ құрылыс жұмыстарын бастаймыз», - дейді «Семейный» сауда желісінің құрылтайшысы Андрей Исаков.

Ғимарат екі қабатты, қызыл кірпіштен модерн стилінде салынған. Мамандардың айтуынша, бұл үйден XIX ғасыр мен XX ғасырдың соңына тән сәулет өнерін көруге болады.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдың қақ ортасында тұрған көне ғимараттың қазіргі жағдайымен танысып, оның қазіргі иесіне үйді жөндеуді жақын арада бастауды тапсырды.

«Биыл жазда бұл ғимаратта жөндеу жұмыстары басталуы керек. Ең алдымен сыртқы қасбеті дұрысталып, терезелері салынсын. Тұрғындар қаладағы ең әдемі ғимараттардың бірі болған бұл үйдің жөнделіп жатқанын көруі керек», - деді өңір басшысы.

Жеке кәсіпкер Андрей Исаков қаңыраған ғимаратты сауда, ойын-сауық орталығына айналдыру үшін 1,5 млрд теңгесін жұмсамақшы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT