Петропавлда көп қабатты үйде газ баллоны жарылып, 2 адам мерт болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бес қабатты үйде газ баллоны жарылып, екі адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 15.59 минутта «101» нөміріне Петропавлдағы Интернационал көшесі 21 үйдің бірінші қабатында газ баллоны жарылғандығы жөнінде және оның артынан өрттің басталғаны туралы хабар түседі.

«Оқиға орнына келгенде бірінші қабаттан шығып жатқан қатты түтінді көрдік. Бұл жерде бірнеше кәсіпкерлік субъектісі: бірнеше дәмхана мен шаштараз орналасқан. Газ баллоны дәмханалардың бірінде жарылған. Келе сала үш адамды қауіпсіз жерге шығардық, бірақ олардың екеуі көз жұмды», - СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов.

Бұрын жатақхана болған, кейін жекешелендірілген көп қабатты үйден 120-ға жуық адам эвакуацияланды. Қазір оқиға орнында облыс орталығының барлық өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылған.

«Оқиға болған жер полицейлермен толық қоршауға алынды. Ауа райына байланысты автобустарды алдырып, адамдарды жақын маңдағы № 2 орта мектепке орналастырдық. Қазіргі уақытта үйіндінің астында қалғандар іздестіріліп жатыр. Қатты түтін мамандардың жұмысын қиындатқан», - дейді Рамиль Камалов.

Апат салдарынан 2 адам қаза тапты. Сағат 18.42-де үйінді астынан әйел адамның денесі шығарылды.



Соңғы жаңалықтар