+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Петропавлда көлік жол шетінде тұрған жүргіншіні қағып кетті

2020 жылғы 1 ақпан 20:04
Бөлісіңіз:
Петропавлда көлік жол шетінде тұрған жүргіншіні қағып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы көше қиылыстарының бірінде жол апаты тіркеліп, көлік жүргізушісі бағдаршамның тап қасында тұрған жүргіншіні қақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше 31 қаңтар күні кешкі сағат 17.30 шамасында болған. Жамбыл және Бөкетов көшелерінің қиылысында сол жаққа бұрылмақ болған «ВАЗ-21120» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі тура келе жатқан «Mercedes» көлігіне жол бермеген. Салдарынан «Mercedes» көлігіндегі Петропавл қаласының 22 жастағы тұрғыны соқтығысудан қашып, көлікке ие бола алмай, жол шетінде тұрған жүргіншіні және сол жерде тұрған «Toyota Vista» машинасын соқты.

Жол апатында зардап шеккен жүргіншіні жедел жәрдем қызметкерлері №3 қалалық аурухананың жарақат бөліміне жеткізді. Дәрігерлердің медициналық көмегінен кейін ол үйіне жіберілді.

«ВАЗ-21120» және «Mercedes» автокөліктері Петропавл қалалық патрульдік полиция батальонының арнайы тұрағына жеткізілді. Материал жиналып, процессуалды шешім шығару үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT