Петропавлда көлік қағып кеткен екі қыздың бірі комада жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда түнгі клубтың жанында көлік қағып кеткен қыздардың жағдайы әлі де ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бойжеткендердің бірі комада жатыр.

«25 жастағы қыз 15 қыркүйек күні таңғы 5-те ауыр жарақаттармен, ми жарақатымен және қабырғасы сынып ауруханаға жеткізілді. Ота жасалды. Бойжеткеннің халі ауыр, жан сақтау бөлімінде жатыр», - деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дәуренбек Бейсембаев.

Бойжеткен әлі күнге есін жимаған. Д. Бейсембаев емдік шаралардың барлығы профессор-нейрохирургтармен келісіліп өткізіліп жатқанын айтты. Қажет болған жағдайда дәрігерлер Петропавалға шақыртылады. Зардап шеккен азаматшаны өздігінен жеткізуге жағдайы келмейді. Дәрігерлердің айтуынша, соққының салдарын болжау мүмкін емес.

Екінші зардап шеккен 22 жастағы қыз жол-көлік оқиғасынан кейін жанама жарақаттармен 3-ші қалалық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр деп бағалануда, есін жиды. Д. Бейсембаевтың мәліметінше, науқас жан сақтау бөлімінен бейіндік бөлімге аударылды.

Еске салайық, 15 қыркүйек күні Петропавлдың орталығындағы түнгі клубтың алдында «Лексус» маркалы көлігінің жүргізушісі екі қызды қағып кеткен еді. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Солтүстікқазақстандық полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар