Петропавлда қоғамдық орындарда маска таққанмен, әлеуметтік ара қашықтық сақтала бермейді - қоғамдық бақылау тобы

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қоғамдық бақылау тобы халық көп шоғырланған орындарға рейд жүргізіп, карантиндік талаптардың қаншалықты орындалып жатқанын бақылауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық бақылау тобы мониторинг барысында Петропавлдағы халық көп жиналатын нысандарды бақылауға алды. Яғни сауда орындарын, дүкендер мен дәмханаларды, дәріханаларды аралап, кәсіпкерлердің ғана емес, тұрғындардың да карантиндік талаптарды қаншалықты орындайтынын сарапқа салды.

«Рахмет», «Достық мол», «City Mall», «Семейный», «Северный» секілді ірі сауда орталықтарында маска тағу режимі сақталған. Маскасыз ешкімді кіргізбейді, кіреберісте дене қызуын өлшейді. Алайда, сауда орталығының ішіндегі шағын бутиктерде сатып алушылар да, сатушылар да маскаларын шешіп тастайды екен. Ал әлеуметтік ара қашықтықты мүлде ұмытқан», - дейді қоғамдық бақылау тобының үйлестірушісі Руслан Асаубаев.

Бір күннің ішінде ішінде қоғамдық бақылау тобы Петропавлдағы 10 сауда орталығын және 2 базарды аралады. Олардың айтуынша, базарларда да келушілер маска таққанымен, әлеуметтік ара қашықтықты сақтамайды.

«Бүгін сондай-ақ Петропавлдағы бірінші қалалық емханаға мониторинг жүргіздік. Кіреберісінде пандус бар, жағдайы жақсы, бірақ, шақырту түймесі жұмыс істемейді екен. Қызметкерлердің айтуынша, қазір оның сымдары ауыстырылып жатыр, уақытша істемейді. Ілінген стендтерімен таныстық, емхананың жұмысын бағалайтын QR-код ескірген. Сақтандыруға байланысты тіркеу бөлімінің жұмысы артқан. Сұрақтарына жауап іздеп келетіндер көп, мәселен, сақтандырылған ба, сақтандырылмаса не істеуі керек, тағысын тағылар... Жөндеу жұмыстарына байланысты өз-өзіне қызмет көрсету секторы алынып тасталған. Алайда емханада санитариялық талаптар қатаң сақталған. Кезек күткендер жоқ», - дейді Руслан Асаубаев.

Қоғамдық бақылау тобы Петропавлда коронавирус жұқтырушылардың артуына байланысты жұмысын жандандырмақ. Бұған дейін Петропавлда өткен аптада 40 адамның қауіпті ауруды жұқтырғанын айтқан едік.

Осы демалыс күндері СҚО-да бірқатар нысандардың және қоғамдық көліктің жұмысына шектеу қойылмақ.


Соңғы жаңалықтар