+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Петропавлда қоғамдық көлік жүргізушісі рульде мас болған

2020 жылғы 30 мамыр 10:45
Бөлісіңіз:
Петропавлда қоғамдық көлік жүргізушісі рульде мас болған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жолаушыларды мас күйде тасымалдаған автобус жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда тәртіп сақшылары жолаушыларды мас күйде тасымалдаған «31 М» бағытындағы автобус жүргізушісін ұстады.

Мас жүргізуші туралы хабарлама түскеннен кейін Жедел бақылау орталығы ақпаратты тексеру үшін патрульдік полиция батальонын жіберген. Автобус Тауфик Мұхамед-Рахимов көшесінде тоқтатылды. Жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрған. Мұны жолаушылар да растады. Жауап алу кезінде 54 жастағы жүргізуші ішімдік ішкенін мойындады.

Аталған факті бойынша әкімшілік материал толтырылды. Жүргізуші соттың шешімімен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Медициналық куәландыру оның орта дәрежеде мас болғанын көрсетті. Осы қорытынды негізінде жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сондай-ақ, жүргізушінің бағытқа шығуына жол берген автобус иесіне қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық материалдары қалалық әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.

Жыл басынан облыс жолдарында көлікті мас күйде жүргізген 349 жүргізуші ұсталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT