Петропавлда қоғамдық көлік ұрланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы екінші полиция бөлімшесінің қызметкерлері автобусты айдап кету әрекеті бойынша қылмыстық істің тергеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицияға түскен хабарлама бойынша, «Ювента» қонақ үйінің маңындағы тұрақтан түн мезгілінде №101 бағытындағы автобусты айдап әкеткен. Қаскүнем салонға кіріп, автобусты оталдырған, кейіннен белгісіз жаққа бағыт алған.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізіп, видеобақылау камераларындағы таспаларды зерттеді. Бірнеше сағат өткеннен кейін автобус «Береке» мөлтека уданынан табылды. Қаскүнемді тағы бір тәулік іздеген.

Нәтижесінде, 26 жасар Петропавл тұрғыны автобусты ұрлау әрекеті бойынша күдікті деп танылды. Оның бұрын бірнеше рет мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Ол автобусты мас күйінде бұзақылық жасап айдап кеткен.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар