Петропавлда кинотеатрлар ашылып, сырғанақтар жасалады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстың бас санитариялық дәрігері жаңа қаулыға бүгін қол қойды. Құжат 26 желтоқсан сағат 00.00-де күшіне енеді.

Жаңа қаулыға сәйкес халық көп жиналатын іс-шараларды өткізуге, соның ішінде жаңажылдық ертеңгіліктерді, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға тыйым салынады.

Көңіл көтеру орындарының: караоке, бильярд, компьютер клубтары мен түнгі клубтардың, кальян орындарының, боулинг орталықтары мен балалардың ойын алаңдарының, букмекерлік кеңселердің, аквапарктердің жұмысы уақытша тоқтатылғанымен, кинотеатрлар ашылмақ. Кинотеатрлар жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін ашық

болады. Кинозалдарды тек 30 %-ке толтыруға рұқсат етілген. Көрермендер шахмат тәртібінде және әр екі орынды бос қалдырып отырғызылуы тиіс.

Карантиндік және шектеу шараларын бұзу дерегі анықталған жағдайда олар өз жұмысын қайта тоқтатады.

Сондай-ақ Петропавлда мерекеге орай 4 негізгі ауданда балаларға арналып сырғанақ жасалатын болды. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, тұрғындар бұл жерде қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті.


Соңғы жаңалықтар