Петропавлда «Қазпошта» бөлімінің бұрынғы басшысы сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы аудандық бөлімінің бастығы қызметін атқарған А.Мұқжанова өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2010 жылдан бастап ақша ұрлап, кейіннен салымшылардың дербес шоттарынан ақша қаражатын беру туралы жалған есепшілік шығыс құжаттарын жасаған, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Петропавл қалалық соты А.Мұқжанованы ҚК-тің 176-бабының 4-ші бөлігіндегі «б» тармақшасымен (өзгенің мүлкін ұрлау) айыпты деп таныды. Ол сотталушының қылмыстық жолмен тапқан меншігіндегі мүлікті тәркілеумен бірге, 5 жылдық мерзімге материалдық жауапты қызметтерді атқару құқығынан айырып, жалпы режимдегі түзеу абақтысында 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар