Петропавлда Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына орай мұражай ашылды (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледжінде мұражай ашылды. Онда Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы туралы материалдар жиналған. Мұражайдың ерекшелігі - ішінде оқыту кабинетінің де бар болуында. Бұл туралы қазақ тілі пәнінің оқытушысы Алмат Мәкішев айтып берді.

«Мұражайда қазақтардың күнделікті өмірінің салты ұсынылған. Экспонаттардың арасында қазақ халқының қаруы, зергерлік бұйымдар, ұлттық киім-кешек, ыдыс-аяқ, музыкалық аспаптар, қару макеттері бар Осының барлығын өз қолымызбен жасадық. Бұған мұғалімдер, студенттер көмектесті», - деді Алмат Мәкішев.

Мұражайды құруға жарты жылға жуық уақыт кетті.

Соңғы жаңалықтар