Петропавлда қатты жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік аударылып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қатты жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде аударылып жатқан жеңіл көліктің суреттері тарады. Бірер метр жерде тұрғын үй орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, «Ойқала» ауданының осы бір тұсында жол-көлік оқиғалары жиі болып тұрады.

Петропавл қалалық полиция басқармасы осы оқиғаға қатысты түсінік берді.

«5 қазан сағат 23.17 минут кеткенде «102» жедел арнасына куәгерлерден Смирнов көшесіндегі 80 үйдің маңында жеңіл көліктің төңкеріліп қалғандығы жөнінде ақпарат түсті.

Алдын ала материал жинау барысында «Mitsubishi Diamante» көлігі жүргізушісінің рульге ие бола алмай қалғандығы анықталды. Ол жылдамдықты тиісті мөлшерден асырып жіберген. Зардап шеккендер жоқ, көлік салонында тек жүргізуші ғана болған», - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалды. Материал Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына процессуалдық шешім шығару үшін жіберіледі.


Соңғы жаңалықтар