Петропавлда қатты дауылдан көлік үстіне ағаш құлап, ғимараттың шатыры жұлынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қатты дауыл салдарынан көлік үстіне ағаш құлап, Береке ықшам ауданында ғимараттың шатыры жұлынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін 112 қызметі Солтүстік Қазақстан облысы аумағында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін дауыл тұратындығы жөнінде ескерткен болатын. Петропавлда ауа райы түске қарай күрт бұзылды. Қатты дауыл ағаш бұтақтарын сындырып қана қоймай, бірнеше ғимаратты зақымдады.

Әлеуметтік желіде бірнеше бейнежазба да тарады. Куәгерлердің айтуынша, облыс орталығындағы «Қазақтелеком» ғимараты зақымданған . Береке ықшам ауданында салынып жатқан сауда үйінің шатырын жұлып кеткен. Ал, орталық көшелердің бірінде екі көліктің үстіне ағаш құлап кетті . Әзірге дауылдан келген залалдың нақты көлемі белгісіз.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалы мамандарының айтуынша, өңірдің барлық аудандарында дауыл тұрады. М. Жұмабаев ауданы Возвышенка елді мекенінде және Уәлиханов ауданының Кішкенекөз елді мекенінде желдің екпіні 23 м/с дейін жетіп, көру аймағы 200-500 метрден аспады. Синоптиктер 7 мамырға да дауылды ескерту жариялады.



Соңғы жаңалықтар