USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Петропавлда қаруды уақытша сақтайтын орталықтар ашылды

2021 жылғы 22 қараша 13:55
Бөлісіңіз:
Петропавлда қаруды уақытша сақтайтын орталықтар ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда азаматтық және қызметтік қаруларды уақытша сақтаудың мамандандырылған екі орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада Шу ауданындағы «Nur Otan» ғимаратын өртеуге қатысқан күдікті ұсталды Шымкенттік полицейлерге 63 қызметтік автокөлік берілді Алматы облысы әкімдігінің ғимаратын тонаған күдіктілер ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аңшылар енді шартқа отырып, қаруларын кәсіби мамандардың күзетіне уақытша сақтауға тапсыра алады. Шарттың талаптары бойынша иесі кез келген уақытта қаруын, оқ-дәрілерін заңды пайдалануға алып, кейін қайта сақтауға тапсыра алады.

«Қаруы барларға үлкен жауапкершілік жүктелген. Оны сақтаудың да өз талаптары бар. Қаруды тек сейфте жалғыз өзін сақтау қажет, ал қала тұрғындары сондай-ақ дабыл орнатуы тиіс. Полиция қызметкерлері қарудың белгіленген ережелерге сәйкес сақталуына көз жеткізу үшін қару иелерін тұрғылықты жерлері бойынша тексеріп тұрады. Қарудың орталықтандырылған түрде сақталуы иелерін көптеген келеңсіз жайттардан сақтандырады, қарудың ұрлануына, криминалдық ортаға түсуіне жол бермейді», - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Жыл басынан облыс полицейлері қару иелеріне қатысты 852 құқық бұзушылықты анықтады, оның 568-і қаруды сақтау ережелерін бұзумен байланысты. Ал азаматтық және қызметтік қару айналымымен байланысты мәселелер бойынша 8 (7152) 39-58-66 телефоны арқылы кеңес алуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT