Петропавлда Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда ерліктің үлгісіне айналған қос батыр - Қарасай мен Ағынтай рухтарына тағзым етіліп, ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарасай мен Ағынтай - қазақтың қаһарман батырлары. XVII ғасырда Есім ханның тұсында елді жоңғарлардан қорғаған. Қос батыр СҚО-ның Айыртау ауданындағы Құлшынбай төбесінде жерленген. 1999 жылы Петропавлда Қарасай-Ағынтайға арналып еңселі ескерткіш бой көтерді. Ерліктің үлгісі, қазақ халқының мақтанышына айналған батырлар рухына биыл да дәстүр бойынша Отан қорғаушылар күні тағзым етіліп, құрмет көрсетілді.
null

Салтанатты шараға ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, патриоттық клуб мүшелері, оқушы-студенттер, қала жұртшылығы қатысты.
null

«Біздің келешегіміз - балалар қолдарына тек қана ойыншық мылтық ұстайтын болсын! Қорғаныс мықты болып, елді бірлігінен айырмасын. Бейбіт өмірде, осындай қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүре берейік», - дейді СҚО Құрметті азаматы, тыл еңбеккері Жақсылық Ысқақов.

Петропавлдағы Жастар сарайында мерекеге орай бір топ әскери қызметшінің еңбегі еленіп, марапатқа ие болды. Бес азаматқа СҚО әкімінің Құрмет грамотасы, 4-еуіне Алғыс хат табысталды. Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасын тапты. Бұл күні сахнадан шырқалған әскери-патриоттық әндер ел қорғаны - ер-азаматтардың құрметіне арналды.
null

Соңғы жаңалықтар