+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Петропавлда карантинге қарамастан жұмыс істеген караоке-бар анықталды

2020 жылғы 8 тамыз 15:30
Бөлісіңіз:
Петропавлда карантинге қарамастан жұмыс істеген караоке-бар анықталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда карантиндік шектеулерге қарамастан жасырын түрде жұмыс істеген караоке-бар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Демалыс күндері жұмысы рұқсат етілген нысандар қандай БҚО-да демалыс және мереке күндері сұлулық салондары мен шаштараздар жұмыс істейтін болды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 3.22 кезінде кезекші бөлімге Петропавлдағы «Royal Palace» мейрамханасының караоке-барында келушілер арасында жанжал туындағаны жайында хабар түседі. Оқиға орнына жақын маңда жүрген автопатрульдердің бірі жіберілген. Алайда тәртіп сақшылары есік іштен жабылғандықтан ішке кіре алмаған. Тек біраздан кейін ғана мейрамхана қызметкерлері есікті ашады. Барда болғандар полицияның бірінші бөліміне жеткізілді.

Сұрау барысында «Royal Palaс» мейрамханасының барында 1989 жылы туған қала тұрғынының туған күні тойланғандығы анықталды. Карантин талаптарын бұзғаны үшін тойға келгеннің әрқайсысына материал жиналып, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Сондай-ақ көңіл көтеру орнының иесі де жазасыз қалмайды.

«СҚО аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қадағалау мақсатында мониторингтік топтар жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына полицейлер, прокурорлар, әкімдік өкілдері және санитариялық дәрігерлер кірген. Соңғы үш аптаның ішінде ғана жұмыс топтары 642 заңбұзушылықты анықтады. Оның 253-і қалада, 389-ы аудандарда анықталды», - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT