Петропавлда қар астындағы шөпті шапқандар көптің қызу талқысына түсті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында жұмысшылар қалың қардың астында қалған көшедегі шөпті шауып, тұрғындардың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 желтоқсан күні әлеуметтік желілерде Петропавлда қар астындағы шөпті шапқан жұмысшылар туралы видео тарады. Оны қала тұрғындарының бірі үйінің терезесінен түсірген. Қолдарына триммер ұстап, қыстыгүні шөп шауып жүргендердің әрекеті бірден жергілікті пабликтерге тарап, оқырмандардың қызу талқысына түсті.

Алдағы күндері Солтүстік Қазақстан облысына Премьер-Министр Асқар Маминнің сапары жоспарланған. Көпшілік бұл жұмыстарды осыған орай атқарылғанымен байланыстырды.

Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне мәлім еткендей, әкімдіктің бұл жұмыстарға еш қатысы жоқ. Облыс орталығындағы ЗИКСТО зауыты өз ынтасымен айналадағы аумақты ретке келтіруге шыққан.

Ал ЗИКСТО зауыты мұндай жұмыстарды жүргізбегенін айтуда.

«Видеода аялдама анық көрінеді. Жұмысшылар көшеде, аялдаманың қасындағы шөпті шауып жүр. Біз мұндай жұмыстарды атқарған емеспіз. Бізде тіпті, шөп шабуға арналған триммерлер де жоқ», - деп жауап берді тілшіге ЗИКСТО зауытынан.




Соңғы жаңалықтар