Петропавлда каналға батып кеткен ер адамның мүрдесі табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда бірнеше күн бұрын каналға батып кеткен ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы №2-ші жылу электр орталығы маңындағы каналдан 31 жастағы ер адамның денесі табылды. Құтқарушыларды жігіттің батып кеткендігі жөнінде полиция хабардар еткен. Суға кеткен адамды іздеу жұмыстары сәуірдің 27-сі күні таңертеңнен басталды. Оған 7 маман, 2 техника және 1 жүзу құрылғысы жұмылдырылды.

Сәуірдің 29-ы, түскі екілер шамасында ер адамның мүрдесі табылды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Мамандардың айтуынша, денеде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Қазір өлім жағдайы анықталуда. Құтқарушылар судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар