Петропавлда КамАЗ көлігі тұрғын үйге соғылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы Потанин көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің біріне жүк көлігі соғылып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін кешкі сағат 20.00 шамасында болған. Ойқала ықшам ауданында КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, шам бағанасы мен ешкім тұрмайтын жеке тұрғын үйге соғылған.

Полицейлердің айтуынша, апаттың салдарынан өтіп бара жатқан 1951 жылғы жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Ол бірден қалалық үшінші ауруханаға жеткізілді. Ал жүк көлігінің жүргізушісі медициналық куәлендіруден өтуге жіберілді. Оның нәтижесі бойынша кейін шара қолданылмақ.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен әйел үшінші аурухананың жарақат бөліміне жеткізілді. Ауыр жарақаты жоқ, аяғын ғана ауыртып алғандықтан қызы үйіне алып кеткен.


Соңғы жаңалықтар