Петропавлда қалың қар жауып, көше тазалауға 70 техника шығарылды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қардың қалың түсуіне және көктайғаққа байланысты коммуналдық шаруашылықтардың 70 техникасы көше тазалауға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында кеше қалың қар жауып, арты көктайғаққа ұласты. Петропавл қаласы әкімінің айтуынша, арнайы техника көшелерді қардан тазарту жұмыстарына қауырт кірісті.

«Кешеден бері Петропавл қаласы бойынша 7 мм қар жауды. Коммуналдық қызметтер бірден іске кірісіп, көшелерді қардан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін түнде мамандар 130 шақырым магистральді жолды ақ ұлпадан тазартты. Шаруаға 23 техника жұмылдырылды. Тағы 19 арнайы техника жаяу жүргіншілер жолын тазартып, 3 машина көктайғаққа қарсы құм-тұз қоспасын төсеумен айналысты. Одан бөлек, 17 техника мен 30 адам қар шығару жұмыстарына жұмылдырылды. Шаруа бүгін кешке жалғасын тауып, магистральді жолдардың барлық учаскелері ақ ұлпадан тазартылады», - деп жазды Руслан Аңбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Шаһар басшысының айтуынша, биылғы қыста көшелерді қардан тазарту жұмыстарына барлығы 154 техника жұмылдырылмақ. Алдымен магистральді жолдар тазартылады. Кейін техника қосалқы көшелерге ауысып, жұмыс істейді. Сондай-ақ, көктайғақты болдырмас үшін жолдарға құм-тұз қоспасы төселеді. Осы мақсатқа 2 мың текше метр қоспа әзірленген. Әкім қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде абай болуға шақырды.

«Құрметті көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер, бір күннің ішінде ғана қала бойынша 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазір ауа райы бұзылып тұр, далада көктайғақ. Сондықтан, баршаңыздан жолда абай болуды сұраймын», - деді Руслан Аңбаев.







Видеодан алын ғ ан кадр


Соңғы жаңалықтар