Петропавлда қала тұрғыны полицейлерден қашып, қызметтік автокөлікті соқты

None
None
Петропавл. ҚазАқпарат - Петропавлдық полицейлер билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісін тергеуде. Бұл биылғы жылы тәртіп сақшыларына бағынбаудың осымен екінші оқиғасы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Мерседес» автомашинасы жүргізушісінің жолдағы тәртіпсіздігі патрульдеу барысында полицейлердің назарын өзіне аударған. Көлік жүргізушісі тоқтау туралы билік өкілдерінің заңды талабын елемей, қашқан. Шамалы қуғаннан кейін құқық бұзушы тоқтатылды, алайда ол көлік салонынан шығудан бас тартып, алдында тұрған полиция қызметкерінің автомашинасын соқты. Оны ұстау үшін тәртіп сақшыларының күш қолдануларына тура келді.

Петропавл көшелерінде қауіпті жағдай тудырған 1978 жылы туған қала тұрғыны екен. Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған. Полицейлерден қашуына жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйі де себеп болуы мүмкін. Оған қатысты жасаған бұзушылықтары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кейін Петропавл қалалық ПБ 1-ші полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына тапсырылды.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - деп хабарлады Петропавл қ. ПБ 1-ші ПБ бастығы полиция полковнигі Балабек Жахин.

Биылғы жылы СҚО-да Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне полиция қызметкерлеріне бағынбаудың осымен екінші фактісі енгізіліп отыр.


Ақерке Дәуренбекқызы

Соңғы жаңалықтар