Петропавлда қала тұрғындары 18 метрлік аққала қалап жатыр
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласында ұзындығы 18 метр болатын алып аққала қаланып жатыр. Осылайша қала белсенділері халықаралық байқауға қатысып, бас жүлде — 100 мың рубльді ұтып алмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Іс-шараны Петропавлда Experiment Show Youtube каналы және оның жүргізушілерінің бірі Артем Бухонин ұйымдастырған. Оның айтуынша, ресейлік Slivki show Youtube каналы биыл да ТМД елдері арасында ерекше аққала қалаудан дәстүрлі байқау өткізіп жатыр. Петропавлдықтар бас жүлдені ұтып алған жағдайда қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақшы, яғни «Жауапты жүрек» қайырымдылық қорына аударады.
Іс-шараның өтетіні туралы алдын-ала әлеуметтік желілерде жарияланды. Аққала қаланатын орын дауыс беру арқылы таңдалынып, Петропавлдағы Пестрое көлінің маңы белгіленді. Байқауға қатысушылар 18 метрлік аққала қалау үшін ағаштан үш шеңбер орнатып, енді ішін қарға толтырмақшы.
«18 метр деп таңдауымыздың басты себебі – өткен жылғы рекордты жаңарту. Былтыр мега аққала 15 метрлік болды. Аққаланы биігінен емес, жатқызып қалаймыз. Жұмысы көп. Өкінішке қарай демалыс күндері көмекке халық аз жиналды. Бірақ біздің ақпан айына дейін уақытымыз бар. Дайын аққаланы кейін суретші бояп, әсемдейді», - дейді Артем Бухонин.
Байқаудың талаптары бойынша, аққаланың ерекше болуы маңызды. Сондай-ақ техникасыз тек қолмен жасалуы керек.
«Биыл өткен жылдың жеңімпаздары ресейге қарағанда бізде қар көп. Сол себепті мүмкіндігіміз жоғары. Қала тұрғындары да белсенділік танытып, өз үлестерін қосады деп сенемін. Табиғат аясында қар күреген ең алдымен денсаулыққа пайдалы, әрі жеңіп жатсақ қаламыздың атын шығарып, оң имидж қалыптастырамыз. Қорға да ақша аударып, мұқтаж жандарға көмектесеміз», - дейді ұйымдастырушылардың бірі Артем Бухонин.
- Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті
- Президент Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
- Солтүстік Қазақстанда КВИ жұқтырғандар бір аптаның ішінде 36 пайызға артты
- Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты
-
ШҚО-да тарихи-өлкетану музейінде селфи күні өтті
-
Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам