Петропавлда қала көшесінде автобус өртенді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бағыттық автобус өртенді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «101» қызметіне Болатбаев пен Шухов көшелерінің қиылысында автобустың өртеніп жатқаны жөнінде хабар бүгін, сағат 9.10 шамасында түскен.
Өрт сөндірушілер 3 минутта жетіп, жолаушылар көлігін 7 минутта толық сөндіріп алды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
«Өрт 22 М бағыттық автобусының қозғалтқышынан шыққан. Өрт сөндірушілер келгенде жүргізуші далада жүрген. Оның айтуынша, өз жұмысымен кетіп бара жатқандықтан автобус бос болған. 4 шаршы метр аумақ өртке оранып, көліктің жүргізуші отыратын жеріне, аспаптар панеліне зақым келді», - дейді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары мекемесінің баспасөз хатшысы Аман Әуесханов.
Жалпы СҚО-да жыл басынан бері 62 көлік жанған. Соның 44-і - жеңіл көлік, 9-ы - жүк көлігі және 3 автобус өртенді.
- Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды
- Мозамбиктегі сұрапыл дауыл: 4 мың үй қирап, 160 мыңнан астам адам зардап шекті
- Алматы облысында жардан аударылғалы тұрған көліктегі жолаушылар құтқарылды
- Қытайдағы апат: Жер астында қалып қойған кеншілердің 11-і құтқарылды
-
Боран салдарынан Үшарал-Достық жолы жабылды
-
Атырауда жол апаты 58 жастағы әйелдің өмірін қиып кетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам